НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы (ҚР тыйым салынған ұйым) Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы зиратқа жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп НСН жазады.
Интерфакстың хабарлауынша, топпен байланысты Telegram-каналдарында ИМ мүшелерінің Джиддаға жарылғыш құрылғы орнатқаны туралы ақпарат пайда болды.
Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы мұсылман емес зиратта жарылыс сәрсенбі күні 1918 жылғы Компьене бітіміне қол қою және Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған салтанатты рәсім кезінде болды. Ресми іс-шараға әр түрлі мемлекеттердің бірнеше бас консулдықтарының өкілдері қатысқан. Қала билігінің хабарлауынша, оқиға кезінде екі дипломат жеңіл жарақат алған.