Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда әскери операциясы кезінде «Боко Харамның» бірнеше содырлары жойылған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.  Нигерия әскери-әуе күштері елдің солтүстік-шығысындағы «Боко Харам» бекіністеріне шабуыл жасап, бірнеше содырды өлтірді. Бұл туралы Нигерия қарулы күштерінің ресми өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

 «Ұлттың  барлық дұшпандары бейтараптандырылмайынша және барлық тынышсыз  аймақтарда қалыпты өмір қалпына келтірілмейінше Нигерияның қарулы күштері шегінбейді», — деп толықтырды Дж.Эненче.

Оның айтуынша, операция сейсенбі күні Борно штатында болған. Әуеден бақылау ауданда лаңкестік әрекеттердің күшейіп келе жатқанын көрсетті, деді Дж.Эненче.

Ол Нигерия әскери-әуе күштерінің ұшақтары жойқын соққылар беріп, лаңкестік нысандарды қиратып, «Боко Харамның» бірнеше содырын өлтірді деп хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *