НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша.Тәжікстан мен Пәкістан өкілдері трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады, деп Авеста ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
25 қараша күні Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Пәкістанның Қарулы күштері штаб бастықтары төрағасымен Надим Разамен кездесті.
Тараптар қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде терроризммен, экстремизммен және есірткі бизнесімен бірлескен күресті талқылады.
Бұған дейін REGNUM АА хабарлағандай , 2019 жылы 27 желтоқсанда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон елдегі «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң ескірген және қайта қарауды талап етеді деп мәлімдеген.