Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде әуе операциясы нәтижесінде  КЖП-ның 9 террористі залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП-PKK) 9 террористі әуе операциясымен залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада «Террористерді індерінде жоюды жалғастырамыз. Ирактың солтүстігі Метина аймағында Барлау және күзет құралдарымен анықталған КЖП-ның 9 террористі әуе күштеріміздің табысты операциясымен залалсыздандырылды. Операцияларымыз табандылықпен жалғасуда» делінді.

Басқа жағынан Битлистің Татван ауданында «Күрдістан жұмысшы партиясы» сепаратистік террористік ұйымына қарсы операцияда бір қоймада 500 грамм тротил (TNT) формалары мен күнделікті қажетті материалдар тәркіленді.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеге қарағанда Татван Республика Бас прокуратурасының тапсырмасымен жарылғыш зат дәлел ретінде қорғауға алынды, ал басқа материалдар болса қоймамен бірге жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *