НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Грузия ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 41 жастағы Ресей азаматын ұстады, тінту кезінде одан жалпы құны шамамен 2 миллион лари (600 мың доллардан асатын) 7 кг героин тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
«Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды және сақтады деген айыппен 1979 жылы туған РФ азаматы А.А. ұсталды. < … > Қол жүгін тінту кезінде полиция 7 кг героин тәркіледі. Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны шамамен 2 млн лариді құрайды», — делінген хабарламада.
Ресей азаматы Грузияның шығысындағы Лагодехи — Бакурцихе — Тбилиси тас жолында ұсталды. Ол көлік жүргізіп келе жатқан, полиция оны тексеру үшін тоқтатқан. Ресей Федерациясының азаматы сегіз жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе мерзімсіз бас бостандығынан айырылуы мүмкін.