НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Кувейттегі Тәжікстан елшісі Сирия билігі өкілдерімен және Қызыл Крест халықаралық комитет өкілдерімен кездесіп, отандастарын елге қайтару мәселесін көтерді, деп centralasian.org жазады.
Қазір Сириядағы Әл-Хол және Әл-Хасака лагерінде 500-ден астам тәжік әйелі мен балалар бар. Олардың бәрі Ислам мемлекеті (ИМ) террористік ұйымына (ҚР тыйым салынған ұйым) мүше болған содырлардың отбасы мүшелері.
Елші Зубайдулло Зубайдзода қазір Сирия астанасы Дамаскіде екенін, жақын күндері азаматтар еліне қайтарылатынын жеткізді.
2017-2018 жылдары ИМ басып алған жерлер қайтарылып, жеңіліске ұшырағаннан кейін тәжік әйелдері мен балалары күрд қарулы күштерінің қолында қалған. Осы мәселе Душанбе билігіне қиындық туғызып жатыр. Себебі, бұл күштер Башар Асад билігіне бағынбайды.
Орталық Азия елдерінен Қазақстан мен Өзбекстан Сириядағы азаматтарын қайтарды.
Әл-Хол лагерінде тұрып жатқан тәжікстандық әйел билік шешіміне қуанышты екенін жеткізді Азаттықтың тәжік қызметіне. Оны 2014 жылы Сирияға күйеуі алып кеткен. Бірнеше айдан кейін күйеуі соғыста қайтыс болған.
29 қарашада Өзбекстан билігі күрд қарулы күштері ұстап отырған 100-ге жуық әйел мен балаларды еліне қайтару жөнінде келісімге келді.