НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында жеті полиция қызметкерін өлтірді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Балх полициясының бастығы Сайед Мираджуддин Садат журналистерге оқиғаның Шарбұлақ аймағында болғанын айтты.
Азаматтық көлікпен Балх провинциясының әкімшілік орталығына бет алған полиция қызметкерлеріне Сулаиман Хил жерінде оқ атылды.
«Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.