Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Францияда мұғалімді өлтіру ісі бойынша тағы 5 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Франциядағы Париж маңында лицей мұғалімінің өліміне байланысты тағы 5 адам ұсталды. Шешенстандық 18-21 жас аралығындағы бес жас жігіт шабуылдаушымен телефон арқылы байланыста болды деп күдіктенеді,  деп AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Deutsche Welle хабарлайды.

Заңға сәйкес, күдіктілер айып тағылғанға дейін 96 сағатқа дейін қамауға алынады.

Кісі өлтіруге байланысты 14 адамның үстінен тергеу жүріп  жатыр. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Шабуыл 16 қазанда кешке Конфлан-Сент-Онорин қаласындағы мұғалім сабақ берген мектептің жанында жасалды. Қылмыскер оның басын кесіп тастады. Пышақпен қаруланған күдіктіні полицейлер Эраньи қаласынан тапқан. Ол тәртіп сақшыларының қаруды тастау туралы бұйрығын тыңдамаған. Сөйтіп полицейлер күдіктіге бірнеше рет оқ атуға мәжбүр болған. Француз БАҚ-тарының мәліметінше, күдікті оқиға орнында қаза тапқан.

Бұл істі тергеу Францияның терроризмге қарсы прокуратурасына тапсырылды. Оқиға орнына келген Франция президенті Эммануэль Макрон бұл қылмысты террористік шабуыл деп бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *