Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Орел қаласында «Иегова куәгерлерінің» қолдаушылары қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Сот Ресейде тыйым салынған «Иегова куәгерлері» экстремистік ұйымының екі қолдаушысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, үшіншісіне қатысты ұстау мерзімі 72 сағатқа ұзартылды. Бұл туралы Орел облысы бойынша РФ ТК тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Сот прокурор қолдаған, тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, Ресей Федерациясында тыйым салынған «Иегова куәгерлері «Орел» экстремистік ұйымның екі жақтаушысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады,  ал үшінші жақтаушыға ұстау мерзімін 72 сағатқа ұзартты. Үшеуі де РФ ҚҚ «Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін күдіктілер Орел қаласындағы «Иегова куәгерлері» ұйымының ақсақалдар кеңесінің мүшелері болғандығы туралы хабарланған болатын. Экстремистік ниетпен жиналыстар шақырып, онда ілімдерің насихаттап, олардың күн тәртібін құрған. Тергеу ФҚҚБ және ІІМБ қызметкерлерінің жедел сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *