Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің Орталық әскери округінің және Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы жасақтары Термезде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Өзбекстанда елдің  қарулы күштері мен Ресей Федерациясы Орталық әскери округінің арнайы жасақтары әскери қызметшілеріне арналған тактикалық-арнайы жаттығулар өтті. Бірлескен іс-шара барысында олар «содырлар» шартты түрде басып алған елді мекенді босатып, қаруланған заңсыз құралымның жетекшісін тұтқындады, деп Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады.

Оқу-жаттығудың негізгі кезеңіне екі елдің 200-ге жуық әскери қызметшілері, сонымен қатар 20-ға жуық арнайы техника тартылды.

«Оқу-жаттығудың ерекшелігі оның Орталық Азия аймағындағы халықаралық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында өткізілуі болды. Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер, соның ішінде халықаралық терроризм мемлекеттерімізге үлкен қауіп төндіреді және біз қарулы күштеріміздің қызметін жетілдіруді қамтамасыз ете отырып, осындай құбылыстарға барабар жауап беруге міндеттіміз», — деп түсіндірді Орталық әскери округтің командирі генерал-полковник Александр Лапин.

Мұндай жаттығулар әскери ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, заңсыз қарулы құрамаларды жою бойынша арнайы операцияларды өткізудегі тәжірибе алмасуға, техникалық барлау құралдарын қолданып барлау-ұрыстық және тосқауыл әрекеттерді өткізуге бағытталған, деп атап өтті Ресей қорғаныс министрлігі.

Жаттығу қорытындысы бойынша Лапин Өзбекстанның әскери басшылығына қонақжайлылығы және маңызды жаттығулар өткізу үшін қажетті жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Орталық әскери округінің арнайы жасағының қызметкерлері 9 желтоқсанда Өзбекстанға бірлескен тактикалық-арнайы жаттығулар өткізу үшін келді. Ресей Федерациясынан әріптестерінің келуіне орай Термезде салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *