НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.Нигерде «Боко Харам» лаңкестік тобы ұйымдастырған шабуылда 27 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Диффа аймағындағы Тоумоур ауылына жексенбіге қараған түні «Боко Харам» лаңкестік ұйымы тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылды.
Шабуылда 27 адам қаза тапты.
Нигер полициясы 70-ке тарта содырдың қалашыққа шабуыл жасағаны, сондай-ақ қалашықта 1000-ге тарта үйдің, жұмыс орнының және көптеген көліктің өртеп жіберілгенін мәлімдеді.
«Боко Харам» жұма күні де Диффа аймағына шабуыл жасады. Шабуылда екі адам қаза тапқан еді.