Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда синагогаға шабуыл жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Наумбургтегі Саксония-Анхальттың Жоғарғы аймақтық соты 2019 жылғы 9 қазанда Галледегі синагогаға шабуыл жасап, екі адамды өлтірген 28 жастағы Германия азаматы Штефан Б.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы сот дүйсенбі күні таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС .

Ер адамға, атап айтқанда, екі адамды өлтіру, жалпы 68 адамды өлтіруге оқталу, қауіпті дене жарақаттарын келтіру, ұлтаралық араздықты қоздыру және басқа құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Штефан Б. «антисемиттік, нәсілшілдік және ксенофобиялық себептермен» әрекет еткен. Синагогаға шабуыл жасауды жоспарлау кезінде ол «8 дана атыс қаруымен, бірнеше жарылғыш қондырғылармен қаруланған», бас киім мен оқ өтпейтін жилет тауып алған. Күдікті ғимаратқа кіріп, сонда болған адамдарды өлтіргісі келді. Сол кезде синагогада 52 адам болған. Шабуыл иудаизмде ораза, тәубе ету мен күнәдан арылу — Йом Киппур күні болды.

Штефан Б. Галледегі синагогаға жалға алған көлігімен келген, ғимарат ішіне кіруге тырысты, бірақ есік іштен қоршалғандықтан, ол кіре алмады. Сәтсіз әрекеттен кейін ол қасынан өтіп бара жатқан адамды өлтіріп, түрік асханасына оқ жаудырды, сол жерде тағы бір адам қаза болды. Галле маңында ол екі адамды жаралады. Штефан Б. қашып бара жатқан кезінде жүк көлігіне соғылғаннан кейін ұсталды. Ол өз әрекетін камераға түсіріп, ғаламтор арқылы таратқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *