Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағанды полицейлері ағымдағы  жылдың үш айында 240 келіден астам  есірткі заттарын тәркіледі

ҚАРАҒАНДЫ, 16 сәуір. Қарағандының полиция қызметкерлері 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша жұмыс қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы тұру, есірткі заттарды өндірумен, тасымалдаумен, сатумен, сондай-ақ синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу және жолын кесу мақсатында Қарағанды облысының Полиция департаменті тұрақты негізде әр түрлі жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Нәтижесінде 2021 жылдың үш айында заңсыз айналымнан 240 келіден астам әр түрлі есірткі заттары алынды. Бұның ішінде, синтетикалық шығу тегі жеті келі, марихуана 145 кг, гашиш 89 кг. Есірткімен заңсыз айналым жасағаны үшін ұсталған күдіктілерге қатысты 77 қылмыстық іс қозғалды. Есірткіні медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін 57 қылмыстық іс сотқа жіберілді, онда қылмыскерлерге ең қатаң жаза қолданылатын болады.

– Заманауи технологиялардың дамуы, ғаламдық интернет желісінің кеңеюі кезінде денсаулық үшін өте қауіпті синтетикалық есірткіні көлеңкелі нарыққа шығаратын “жаңа ұрпақ” қылмыскерлерінің саны да өсуде. Тоқсан ішінде Қарағанды облысының ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі өндірісі бойынша екі жасырын зертхананың қызметін тоқтатты. Мұнда қылмыскерлер синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік ауқымда шығарған. Есірткі сатушылардан тәркіленген түрлі заттар, арнайы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар “КамАЗ” көлігіне әрең сыйды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Талғат Каскин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *