Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Украинаның батысында бір тоннадан астам контрабандалық героин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Арнайы операция кезінде Украинаның құқық қорғау органдары Львов қаласында құны 2,3 миллиард гривенге (шамамен 81 миллион доллар) бағаланатын героиннің «рекордтық» партиясын тәркіледі, деп елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.

«Салмағы 1 тоннадан асатын героиннің рекордтық партиясы тәркіленді», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Тергеу мәліметтері бойынша, есірткі елге 2020 жылдың желтоқсанында Пәкістаннан әкелінген. Героин партиясы елге «Южный» (Одесса) сауда теңіз порты арқылы жеткізілген.Содан кейін есірткі заты тамақ өнімдері түрінде Батыс Украинаның аумағына жеткізілген, кейін Еуропалық Одақ елдеріне «дипломатиялық жүк» ретінде жеткізлуі керек еді.

Қара нарықтағы бағамен осындай көлемдегі есірткінің құны 2,3 миллиард гривенге немесе шамамен 81 миллион долларға бағаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *