Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ташкентте ШЫҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз.Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он жетінші кездесуі өтті, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. 

Шара барысында ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ахуалға байланысты көптеген мәселе талқыланды.

Тараптар терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында Ауғанстандағы ахуалды тезірек реттеу – ШЫҰ аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың негізгі факторларының бірі екені аталып өтті. Тараптар бұл елдің тәуелсіз, біртұтас, демократиялық, бейбіт және терроризмнен, соғыстан, есірткіден ада мемлекет ретінде қалыптасуын қолдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *