АТЫРАУ, 21 қаңтар. Атырау полицейлері есірткі сататын сайттарды жарнамалаған азаматшаны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында белгісіз біреудің үй қабырғалары мен қақпаларына есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жазып, жарнамалағаны анықталды.
12 қаңтар күні полиция қызметкерлері осы істі жасауға күдікті 33 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпаратты ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды.