Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Колумбия полициясы 4 тонна кокаин тәркілеген

АСТАНА, 22 қазан. Колумбия полициясы Картахен қаласынын портында төрт тонна кокаин тәркіледі. Бұл туралы ел президенті Густаво Петроға сілтеме жасап ТАСС хабарлады,деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Картахенадағы порттық есірткіні бақылау бөлімі 4 тонна кокаинді тәркіледі. 30 адам ұсталды», — деп жазды Twitter-де Президент.

Ол сондай-ақ есірткі картельдеріне жолдама жасап, оларды тек екі жол күтіп тұрғанын айтты: «не олар күшпен басылады, не сауданы тоқтату үшін әділеттілікке жүгінеді».

7 тамызда президенттік қызметке кіріскен Петро ел ішінде тыныштыққа қол жеткізу қажеттігін және кез келген топпен келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Науқан барысында ол АҚШ-пен тығыз ынтымақтастықта жүргізіліп жатқан елдің қолданыстағы есірткіге қарсы саясатының тиімділігіне де күмән келтірген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *