Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігінде КЖП-ның үш содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар.  Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағындағы КЖП-ның 3  содыры  залалсыздандырылды, деп TRT  хабарлайды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Телль-Рыфат аймағынан «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына қарай қарулы шабуыл жасаған КЖП-ның 3 содыры тойтарыс берген арнайы десанттарымыз тарапынан залалсыздандырылды» делінген.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *