Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кот-д ‘ Ивуардың солтүстігіндегі екі әскери лагерьге жасалған шабуыл нәтижесінде үш әскери қызметші қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Кот-д’Ивуар армиясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Абиджан қаласынан алынған ақпаратқа сәйкес дүйсенбі күні таңертең елдің солтүстігіндегі екі әскери қалашыққа содырлар шабуыл жасап, нәтижесінде үш сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

Буркина-Фасо шекарасы арқылы Кот-д’Ивуарға кірген  60-тан астам содыр әскери лагерге шабуылдады, екі сарбаз қаза тауып, төртеуі жарақат алды, делінген хабарламада. Кескілескен шайқас шамамен бір сағатқа созылды. Әскери қызметшілер үш содырды өлтіріп, тағы төртеуін қолға түсірді.

Екінші шабуыл Буркина-Фасомен шекаралас жерде орналасқан жандарм лагерінде болды, атыс кезінде белгісіз біреулер жандармды өлтірді.

Кот-д’Ивуар солтүстігінде Сахел аймағында орналасқан Мали мен Буркина-Фасомен шектеседі. Соңғы жылдары аймақта «Аль-Каида»*, «Ислам мемлекеті» * және басқа да экстремистік топтар жиі шабуылдар жасап, соның салдарынан үлкен шығынға ұшырады.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *