НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады.
Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді.
Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, 3 қауіпсіздік қызметкерінің де жарақат алғанын атап көрсетті.
Бас қала Кабулда да полиция көлігіне жасалған бомбалы шабуылда 1 полиция қызметкері қаза тапты.
Кабул полициясы мәлімдемешісі Фердоус Фарамарз бас қаланың Танги Тарахил аймағында полиция көлігін нысанаға алған бір бомбалы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Фарамарз шабуылда 1 полиция қызметкерінің қаза тапқанын, 3 полиция қызметкерінің де жарақат алғанын атап көрсетті. Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.