Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуыл, қаза тапқандар бар

НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб ауданында бомба қойылған автокөліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп Анадолу агенттігі жазады.

Оқиға Эль-Бабтың «өнеркәсіптік аймақ» деп аталатын  жерде болған.

Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды.

Өрт сөндірушілер шыққан өртті ауыздықтады.

Жарылыс салдарынан жақын жерде тұрған көліктер зақымдалды. Апат орнына іргелес аумақта орналасқан сауда нысандарына зиян келтірілді.

Қауіпсіздік күштері шабуылдың артында КЖП-ның (YPG/PKK) террористтері тұр деп күдіктенуде.

Қеше Сирияның солтүстігіндегі Аазаз және Эль-Баб аудандарында 10 адам террористік шабуылдардың құрбаны болды, 24 адам жарақат алды.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі шабуылдарды КЖП (PKK / YPG) террористтері ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *