НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Сенбі күні Кабулдың екі ауданында болған жарылыстардан бір полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды, деп Кабул полиция департаментінің баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарцқа сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады.
Фарамарцтың айтуынша, бірінен соң бірі болған жарылыстар Хайир-хан мен Баг-Кази аймағында болды.
Әзірге шабуылдар үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.