НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан. Бүгін Сомалидің орталығындағы Дусамареб қаласының шетінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде он үкіметтік әскери қызметкер қаза тапты, деп жергілікті үкімет өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа хабарлады.
Галмудуг штатының ақпарат министрі Ахмед Ширдің сөзіне қарағанда, үкіметтік әскери қызметкерлерің апара жатқан көлік Эль-Дере ауылының маңында жол бойындағы минаға соғылып, салдарынан әскерилер қаза болды.
«Біз он әскери қызметкердің, соның ішінде Дусамареб қаласының барлау бастығы Әбдірашид Әбдинұрдың қаза болғанын, қалғандары жараланғанын растай аламыз», — деді А.Шир.
Оның айтуынша, үкіметтік күштер бұл аумақты қоршауға алған. Шабуылда қанша сарбаздың жараланғаны әлі белгісіз, деп қосты ол.
Шабуыл үшін жауапкершілікті « Аш-Шабаб» содырлары алды . Бұл шабуыл Сомали президенті Мохаммед Абдуллахи Мохамед пен бес федералды штаттардың басшылары Дусамареб қаласында бес күндік консультативті кездесуін аяқтағаннан кейін келесі күні болды.