НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Санкт-Петербург соты Ресейде тыйым салынған террористік топты қаржыландырғаны үшін ұсталған адамды қамауға алды. Бұл туралы қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Санкт-Петербургтің Мәскеу аудандық соты Өзбекстанның тумасы Рафикжон Ахмедовке қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабы 1.1 бөлімінде («Террористік қызметке жәрдемдесу») көзделген қылмысты жасады деп айыпталып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім шығарды», — делінген хабарламада.
Ол 7 сәуірге дейін қамауға алынды. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер бұған дейін Ахмедовтың ұсталғаны туралы хабарлаған жоқ. Сотқа келіп түскен іс материалдары бойынша, ол 8 ақпанда қамауға алынды.
Тергеушілер қамауға алынған азамат радикалды исламистік ағымдардың жақтаушысы деп санайды. Тергеу анықтағандай, Ахмедов өткен жылдың желтоқсанында «Хайат Тахрир аш-Шам» ұйымының мүшесімен хат жазысып, оған екі рет жалпы сомасы 18 мың рубль ақша аударған.
Ахмедовқа айып тағылды, ол кінәсін мойындады және сотта қамауға алуға қарсылық білдірмеді.