Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шығыс Қазақстан облысында терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

ӨСКЕМЕН, 09 қыркүйек. Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ШҚО бойынша Терроризмге қарсы комиссияның басқармасы туризм саласы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін оқыту семинарын ұйымдастырды, оған 50-ге жуық адам қатысты, деп ҚР ТҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Дәріс беруші ретінде ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Р.Серікпаев және ШҚО ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды.

Іс-шараға қатысушыларға қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға ұқсас объектілер анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі, терроризм актілерін дайындап жатқан күдікті тұлғаларға қатысты уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Сондай-ақ, тыңдаушылардың назары Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтарының есебін жүргізуге мүмкіндік беретін eQonaq электронды жүйесін жұмыста белсенді пайдалану қажеттілігіне аударылды.

Жүйенің жұмыс істеу принциптерінің практикалық көрсетілімі өткізілді, сонымен қатар оның техникалық және ақпараттық мүмкіндіктері көрсетілді.

 

Жалпы, іс-шара белсенді талқылау форматында өтіп, азаматтардың лаңкестікке қарсы сана-сезімін көтеруге мүмкіндік берді.

Жиналғандар бірауыздан облыстың лаңкестікке қарсы комиссиясының мұрындық болуымен лаңкестіктің алдын алуда алдын алу шараларын жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *