Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда 27 жасар синтетикалық есірткі сатушысы ұсталды

АТЫРАУ, 04 наурыз. Атырауда 27 жастағы жігіт өзі жасырған есірткіні тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде Атырау қаласының әр бөлігіне есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстаған.

«Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекенжайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін түрлі құралдар табылып, тәркіленді. Тергеуден соң күдікті қала аумағының 3 нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсетті. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анықталды» -дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *