Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда тұрғыны жарты келіге жуық есірткі затын терезеден лақтырып жіберген

ҚЫЗЫЛОРДА, 10 наурыз.  Қызылордада полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

6 наурыз күні жедел-профилактикалық іс-шара барысында Қармақшы ауданының аумағы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолының бойында Қызылорда облысы ПД қызметкерлері «ВАЗ-2115» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

«Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші автокөліктің алдыңғы терезесінен полиэтилен пакетке салынған затты лақтырып жіберген. Тексеру барысында пакеттің ішінде жасыл түсті, ерекше иісі бар зат бар екені анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес оқиға орнынан табылған зат – жалпы салмағы 464,84 гр кептірілген марихуана болып шықты. Көлік тізгінінде Қызылорда қаласының 40 жастағы тұрғыны отырған», делінген хабарламада.

Қазір факт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *