Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Содырлардың Нигериядағы бірнеше ауылға жасалған шабуылдар 13 адамның өмірін қиды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз.  18 наурыздан бастап Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы төрт ауылға содырлар шабуыл жасады,салдарынан  кем дегенде 13 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер жөніндегі аймақтық комиссар Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, 18 наурыздан бастап белгісіз содырлар Кадуна штатындағы төрт ауылға шабуыл жасады, салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Ауылдардың бірінде 10 адам құрбан болып, төртеуі жарақат алды. Содырлар ол жерде 56 үй мен 16 мотоциклді өртеп жіберді, сондай-ақ астық қоймаларын тонады.

Жарақат алған адамдар ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді С.Аруван. Шабуыл болған ауылдарда қауіпсіздік күштері орналастырылған.

Соңғы айларда Нигерияның солтүстігінде адамдар мен материалдық шығындарға алып келген бірқатар қарулы шабуылдар болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *