НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Иран қауіпсіздік күшері елдің оңтүстік-батысында әскери мекемеге қарулы шабуыл жасаған екі террористті залалсыздандырды. Бұл туралы ISNA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
Оқиға Хузестан провинциясында болған. Шабуылдаушылар қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырып, әскери нысанның ішіне кіруді көздеген. Екі террорист те жарақат алды, олардың бірі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Шабуылдаушылардан автоматтар мен оқ-дәрі тәркіленді.
Агенттіктің хабарлауынша, бейтараптандырылған радикалдар Иранда тыйым салынған «Ахвазды азат ету үшін араб қозғалысы» сепаратистік ұйымымен байланысты.