Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде аса қауіпті террористтің көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде сәтті операция жүргізіп, Түркия аумағында лаңкестік шабуыл  дайындаған террористердің көзін жойды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Түркияның қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздердің хабарлауынша, операция Метин аймағында 22 ақпанда жүргізілген, нәтижесінде «Каркер Кюреджик» лақап атымен белгілі аса қауіпті террорист Хусейн Иналды қосқанда КЖП-ның үш содыры жойылды.

Инал Грециядағы «Лаврион» КЖП лагерінде террористік дайындықтан өтті, содан кейін үш жыл бойы Иракта Түркияға қарсы диверсиялық іс-шаралар жүргізген.

Ақпан айының соңында ол Түркиядағы шабуылдар тақырыбын талқылайтын террористердің жиналысына қатысу үшін Ирактың Метин аймағына барып, сол жерде залалсыздандырылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *