Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Севастополь қаласының соты «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшесін 6,5 жылға бас бостандығынан айырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Севастополь қаласының соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Иегова куәгерлері» діни ұйымының мүшесін экстремистік қызметті ұйымдастырғаны үшін алты жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп Севастополь қаласының Гагарин аудандық сотының сайтына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Экстремистік деп танылған «Иегова куәгерлері» діни тобының ізбасары жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін оған 7 жылға ағартушылық қызметпен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы  жарияланымдармен байланысты жұмыстармен, ақпараттық-коммуникациялық желілерде, соның ішінде Интернетте материалдар орналастыруға тыйым салынады », — делінген хабарламада.

Ер адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2 бабы  1-бөлімі («Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру»,10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді)  бойынша кінәлі деп танылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үкім заңды күшіне енген жоқ және 10 күн ішінде шағымдануға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *