Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

France Info: Францияда лаңкестік шабуылды ұйымдастырған күдікті 24 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында алды алынған лаңкестік әрекетті дайындады деп айыпталған француз Реда Крикет 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы France Info радиосына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

34 жастағы француз Реда Крикет 2016 жылдың 24 наурызында Брюссельдегі лаңкестік әрекеттерден бірнеше күн өткен соң Париж маңында арнайы операция кезінде ұсталды. Оның пәтерінен көптеген патрондар мен қару-жарақ арсеналы және пайдалануға дайын жарылғыш заттар табылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Крикетте нақты іс-қимыл жоспары болмаған, бірақ қолда бар фактілер лаңкестік шабуылды жүзеге асыру ниеті туралы куәландырады.  Атап айтқанда, оның 2015 жылғы қарашада Парижде лаңкестік шабуылдың ұйымдастырушысы Абделхамид Абауд арасында байланысы орнатылды.Сонымен қатар, ол Бельгияда Сириядағы соғыс аймағынан оралғаннан кейін террористік әрекеті үшін бес жылға сырттай сотталды.

Париждегі сот отырыстары бес аптаға созылды. Айыпталушылар арасында, терроризмге қарсы прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен Крикеттен басқа тағы алты адам бар. Олардың арасында 2016 жылдың наурыз айының соңында Роттердамда ұсталған Анис Бахри және Брюссельде ұсталған Абдеррахман Амеруд — екеуі де лаңкестік шабуыл дайындағаны үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы төртеуі террористерді логистика жағынан қамтамасыз етті деп айыпталды: екеуінен айып алынып тасталды, тағы екеуі сәйкесінше 8 және 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

2015 жылдың 13 қарашасында Париждегі және Сен-Дени қала маңындағы лаңкестік шабуылдардың салдарынан 130 адам қаза тапты, 2016 жылдың 22 наурызында Брюссель әуежайы мен метросындағы жарылыстар 32 адамның өмірін қиды. Бұл шабуылдарды Брюссельде орналасқан шығу тегі араб Бельгия және Франция азаматтарының тобы ұйымдастырды, олардың көпшілігі бұған дейін Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) жағында болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *