Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Тәжікстанның Жоғарғы соты 9 сәуірде «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды. 

117 адам 5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуіне айыппұл салынған. Тәжік ұлттық университетінде оқытушы болған Египет азаматы Мұхаммад Баюми 23 жылға сотталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол ұйымды басқарған.

Университеттің тағы бір оқытушысы 7 жылға бас бостандығынан айырылса, діни уағызшы Исмоил Каххоровқа 15 жылға сотталған. Қалған айыпталушылар бес жылға дейін түрме жазасына кесілген.

Олардың бәріне «экстремистік ұйымға мүше болды», «экстремистік іс-әрекеттерді жария насихаттады», «террористік қылмыстарды қаржыландырды» деген баптар бойынша айып тағылған.

Жыл басынан бері ондаған адамның аталған ұйымға мүше болды күдікпен ұсталғаны хабарланған.

2006 жылы Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» ұйымы экстремистік ұйым ретінде тіркеліп, оның қызметіне тыйым салынған.

Ұйымның өзі 1928 жылы Египетте құрылған. Кейін оның жетекшілері билікке келген. Дегенмен бірқатар елдер өз аумағында бұл ұйымның қызметіне тыйым салған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *