НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Кандахар Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Кандахардың Шахвели Кот ауданында жолға орналастырылған бомбаның жарылғанын білдірді.
Шабуылда араларында балалар да бар 4 жазықсыз адамның қаза тапқанын атап көрсеткен Барикзей оқиғаға Талибанның жауапты екенін мәлімдеді.
Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.