НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятындағы полиция басқармасына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 8 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Бадахшан уәлаяты губернаторы Наджи Назари сарбаздардың Бадахшанның Зибан ауданына қарасты Риг елді мекеніндегі полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты.
Шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын түсіндірген Назари шабуылдан кейін болған қақтығыстарда сарбаздардың да залалсыздандырылғанын білдірді.