Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордада полицейлері гашиш есірткі затының ірі партиясын тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Астана полицейлері техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінен есірткі сатуға бекінген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 6 келі гашишті жасырып ұстаған 37 жастағы азаматтың ұсталғанын хабарлады.

«37 жастағы ер адам жұмыс орнында ұсталды. Күдіктіден өсімдік күйіндегі есірткі заты бар 7 полиэтилен пакет тәркіленді. Кейін оған тиесілі «Nissan» автокөлігін тінту кезінде тағы 3 полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 6 келі екені белгілі болды», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Сақшылар есірткіні жеткізу арнасын анықтап жатыр. Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 32 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *