НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Логар провинциясында радикалды «Талибан*» қозғалысы мүшелерінің шабуылынан Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің кем дегенде жеті қызметкері қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы дүйсенбі күні «1TV» арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
Полицияның хабарлауынша, шабуыл торуыл құрылып жасалған. Арна бұдан басқа мәліметтерді келтірмеген.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым