Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДАИШ  содырлары Ирактың солтүстігіндегі мұнай ұңғымасына шабуылдады

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр.Террор ұйымы ДАИШ-тің Ирактың Киркук қаласының солтүстік батысында Бай-Хасан аймағындағы мұнай ұңғымаларының екеуіне жасаған шабуылда 1 полиция қызметкері қаза тауып,  2 полиция жарақат алды, деп TRT хабарлайды.

Киркук полиция департаментінің мәлімдемешісі Амир Нури ондаған мұнай ұңғымасы орналасқан қаланың солтүстік батысындағы Бай-Хасан аймағында 177 және 183 нөмірлі ұңғымалардың нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Нури террор ұйымы ДАИШ мүшелері жеңіл қарумен жасаған шабуылда 1 полиция қызметкерінің өлтірілгенін және 2 полиция қызметкерінің жараланғанын білдірді.

Шабуылдан кейін екі ұңғымада өрт шыққанын хабарлаған Нури оқиғаның артынан өрттің сөндірілгенін баса айтты.

Нури өрт қысқа мерзімде сөндіргені себепті мұнай ұңғымасына әсер етпегенін атап, аймақта операция басталғанын тілге тиек етті.

ДАИШ 2014 жылы маусымда Ирактың Мосул, Салахаддин және Анбар провинцияларын толығымен Дияла мен Киркук қалаларының бір бөлігін басып алған, аталмыш аймақтар бірнеше жылда бойы ұйымнан азат етілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *