НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белужистан провинциясының Чаман қаласында жұма күні болған жарылыс салдарынан кем дегенде алты адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі полицияға сілтеме жасап жазады .
Чамандағы полицияның аға офицері жергілікті БАҚ-қа жарылыс Афганистанмен шекаралас Белужистан провинциясындағы Чаман қаласындағы Шахид Саджид Хан Мохманд жол аймағында жергілікті саясаткер мінген автокөлік өтіп бара жатқан кезде болғанын айтты.
Саясаткер жарылыста жарақат алған жоқ.
Жарылыстың сипаты әлі ресми түрде расталмаған, оқиға орнына дәлелдер мен ақпарат жинау үшін тергеу тобы мен бомбаны жою бөлімі шақырылған, деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына келген қауіпсіздік күштері мен құтқару топтары жаралыларды қалалық үкіметтік ауруханаға жеткізді.
Әзірге жарылыс үшін бірде-бір топ немесе жеке тұлға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.