НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Нигерияда Боко Харамға бағытталған операцияда 10 ұйым мүшесі залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Армия мәлімдемешісі Мұхаммед Иерима мәлімдемесінде армияның Борно уәлаятына қарасты Ранн аймағында Боко Харамның шабуыл талпынысын тосқанын айтты.
Шабуылдан кейін Боко Харамға қарсы операцияда 10 террористің өлгенін айтқан Иерима көптеген террористің қашқанын хабарлады.
Иерима террористерге қарасты қару-жарақтар мен көптеген материалдардың қолға түскенін білдірді.