Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО есірткі жарнамалаушылары мен курьерлері ұсталды

ӨСКЕМЕН, 02 маусым. Шығыс Қазақстан облысында есірткіні жарнамалаушылар тобы және синтетикалық есірткіні жеткізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның нәтижесінде есірткіні насихаттау және жарнамалаумен айналысатын екі адам, сондай-ақ  синтетикалық заттарды “қойып кетуді” жүзеге асырған ер адам ұсталды.​

Тұрғын үй ғимараттарының сыртына есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкендер сайттарының аттарын жазу үшін Алтай ауданы Серебрянск қаласына арнайы келген Семей қаласының екі тұрғыны анықталды. Олар ешкімнің көзіне түспеу үшін тұрғын үйлерге сайт атауларын тәуліктің қараңғы уақытында жазған. Полиция қызметкерлері “жарнамашыларды” қылмыс  үстінде ұстады,  олардан бояу баллондары тәркіленіп алынды. Ұсталғандардың айтуы бойынша, осындай граффити суреттерді жазғандары үшін оларға әлеуметтік желі арқылы сөйлескен белгісіз адамдар белгілі бір ақша сомасын төлеуге уәде еткен. Енді табыстың орнына оларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төніп тұр.

  Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша сараланды, яғни бұл есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау болып табылады, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларына синтетикалық есіркілерді қойып кетуді жүзеге асырған 20 жастағы ер адамды ұстады. Тінту жүргізу барысында  жалдамалы пәтерлерден 900 реттен артық қолданылатын есірткі дозалары тәркіленіп алынды. Қылмыскер соттың санкциясымен қамауға алынды, ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *