НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым.Ирак армиясы ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Зинане ауылына бірнеше бағыттан операция бастады, деп TRT хабарлайды.
Ирак армиясы мен Пешмерга күштері Дияла мен Сүлейманийе провинциялары арасындағы аймақтарда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы бірлескен құрлық операциясын бастады.
Ирак армиясына қарасты 52-ші бригада мен 144-ші Пешмерга бөлімшесі ДАИШ ұялаған Сүлейманийенің Кифри ауданына қарасты Зинане аумағы ауылдық аймағына бірнеше бағыттан операция бастады.
Таңғы уақытта басталған операцияда ұйымға тиесілі көптеген оқ-дәрінің тәркіленіп, кейбір туннельдер табылғаны білдірілді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша ДАИШ-ке қарсы коалицияда орын алған Италияның болса әскери ұшақтарымен құрлықтағы операцияға қолдау берді.