Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда қарасора өсірген екі жұмысшы ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ, 09 маусым. Қарағандыда екі жұмысшы цехтың шатырында қарасора өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 маусым күні Қарағандыда жедел-іздестіру шарасы барысында Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл тұлғалар ЖШС цехтарының бірінің шатырында заңсыз қарасора өсірген. Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері 147 түпті тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар қарасораны өздері пайдалану үшін еккен. «Плантация» үшін ер адамдар цехтың төбесін ыңғайлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *