Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде болған қақтығыста «Талибан» қозғалысының жеті содыры және төрт полиция қызметкері қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Сенбі күні кешке Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы қақтығыста төрт полиция қызметкері мен «Талибан» қозғалысының* жеті содыры қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Қақтығыстар тәлібтер қала маңындағы Намак Аб аймағына шабуыл жасағаннан кейін басталды.

«Содырлардың шабуылына тосқауыл қою кезінде аудандық полиция бастығы Абдул Захир мен үш тәртіп сақшысы қаза тапты», — деді жергілікті үкімет өкілі Хамид Мубарез.

Екі полиция қызметкері мен үш содыр жарақат алды. Тәлібтер  Намак Аб аймағын басып алды, ал қалған қауіпсіздік күштері көрші ауданға шегінді, деп қосты ол.

Сонымен қатар, көрші Кундуз провинциясындағы Имам-Сахиб ауданында сенбі күні кешке қауіпсіздік күштері мен «Талибан» содырлары арасындағы атыс кезінде миномет снаряды тиіп үш бейбіт тұрғын, оның ішінде бір бала қаза тапты, тағы төртеуі жараланды, деп Синьхуаға  сол күні аудан басшысы Назакмир Амири хабарлады.

«Талибан» қозғалысының содырлары 1 мамырда АҚШ бастаған шетелдік әскерлерді Ауғанстаннан шығарыла бастағаннан кейін үкіметтік қауіпсіздік күштеріне қарсы аяусыз күресті жалғастыруда.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *