НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрес жайлы маңызды мәлімдеме жасады, деп TRT жазады.
Министр Акар «Соңғы 6 жылда 18 мың 196 террорист залалсыздандырылды» деді.
Террорды түбегейлі жоюға табанды екендерін түсіндірген министр Хулуси Акар «Ирактың солтүстігіне тығылған террористтердің залалсыздандырылуы үшін күрес жүргізудеміз. Күресімізді террористтерді түбегейлі жойғанға дейін жалғастырамыз. 2015 жылы 24 шілдеден бастап, террормен күресуіміз көбейді. Осы таңға дейін үздіксіз жалғасуда. Соңғы 6 жылда 18 мың 196 террорист залалсыздандырылды» деген сөздер қолданды.