Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Владимир Путин: Халықаралық терроризм қауіпі әлі де сақталуда

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Ресей президенті Владимир Путин халықаралық терроризм ерекше қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Халықаралық терроризм әлі де ерекше қауіп төндіреді»,-деді Путин халықаралық қауіпсіздік жөніндегі тоғызыншы Мәскеу конференциясына қатысушыларға құттықтау сөзінде.

Ресей президенті сондай-ақ жаппай жою қаруының таралу қаупі, аймақтық қарулы қақтығыстар және трансшекаралық қылмыстың белсенділігі бүгінде үлкен алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

 «Аймақтық қарулы қақтығыстар, жаппай жою қаруының таралу қаупі, трансшекаралық қылмыстық топтардың, есірткі бизнесінің және киберқылмыскерлердің белсенділігі үлкен алаңдаушылық тудырады», — деді Путин халықаралық қауіпсіздік жөніндегі тоғызыншы Мәскеу конференциясында.

Ол аталған проблемалардың ауқымы мен жаһандық сипаты барлық мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті.

«Мұндай ұжымдық жұмыс, әрине, халықаралық құқық, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптері негізінде жүргізілуі керек», — деп қосты Ресей президенті.

22-24 маусымда Мәскеуде халықаралық қауіпсіздік бойынша тоғызыншы Мәскеу конференциясы өтуде. Бұл жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне жауап іздеуде қорғаныс ведомстволары, халықаралық ұйымдар өкілдері мен үкіметтік емес сарапшыларды біріктіретін жыл сайынғы форум.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *