Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Қорғаныс министрлігі: АҚШ әскері Баграм әуе базасынан шығып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде.  АҚШ әскері 20 жыл бойы өз бақылауында ұстаған Баграм әуе базасынан шығып кетті, деп 24.kz жазады.

Ел астанасы Кабулдан 60 шақырым қашықтықта орналасқан бұл әуежай Ауғанстандағы американдық әскердің ең ірі тірегі саналатын.Бұл АҚШ тарихында ең ұзақ жалғасқан соғыс аяқталуға жақын екенін білдіреді. Ең қызығы, әскер әуе базаны шу шығармай тастап кеткен. Тіпті жергілікті билік те бұдан хабарсыз болған.

«Өткен түнде АҚШ әскері аудан мен өңірдің әкімшіліктерімен еш келісім жасамай, Баграм әуе базасынан кетті. Ресми түрде бізге хабарлаған жоқ. Бүгін таңертең бірнеше қарақшы Баграм әуежайына шабуыл жасағанда ғана білдік. Абырой болғанда, аудан әкімшілігі шұғыл шара қабылдап, қаскөйлер көздегендеріне жеткен жоқ», — деді Баграм ауданының әкімі Дарваиш Рауфи. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *