НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз.АҚШ жасақтары Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятындағы Талибанға қарасты қару-жарақ қоймасын әуеден бомбалады, деп TRT хабарлайды.
Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі Фавад Аман баспасөзге жасаған мәлімдемесінде АҚШ жасақтарының Ауғанстанның Гильменд уәлаяты орталығында Лашкаргах қаласындағы Талибанға қарасты қару-жарақ қоймасына әуеден шабуыл жасағанын айтты.
Аман шабуылда қару-жарақ қоймасының күйретілгенін білдірді.
Талибан тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасамады.
АҚШ жасақтары Талибанның қала орталығына қарай ілгерлеуін тосу үшін әуе шабуылдарын арттырды.
АҚШ әскери ұшақтарының 2 тамызда Лашкаргах қаласында тұратын Талибанға қарасты орындарға әуеден жасаған шабуылында 7 сарбаз өлген болатын.
Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында Лашкаргах орталығында қақтығыстар жалғасуда.