Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ «Талибан» қару-жарақ қоймасына әуеден шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 05  тамыз.АҚШ жасақтары Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятындағы Талибанға қарасты қару-жарақ қоймасын әуеден бомбалады, деп TRT хабарлайды. 

Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі Фавад Аман баспасөзге жасаған мәлімдемесінде АҚШ жасақтарының Ауғанстанның Гильменд уәлаяты орталығында Лашкаргах қаласындағы Талибанға қарасты қару-жарақ қоймасына әуеден шабуыл жасағанын айтты.

Аман шабуылда қару-жарақ қоймасының күйретілгенін білдірді.

Талибан тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасамады.

АҚШ жасақтары Талибанның қала орталығына қарай ілгерлеуін тосу үшін әуе шабуылдарын арттырды.

АҚШ әскери ұшақтарының 2 тамызда Лашкаргах қаласында тұратын Талибанға қарасты орындарға әуеден жасаған шабуылында 7 сарбаз өлген болатын.

Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында Лашкаргах орталығында қақтығыстар жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *