Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстан полигонында үш елдің сарбаздары қатысқан әскери жаттығу өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11  тамыз. 10 тамызда Ресейдің, Өзбекстанның және Тәжікстанның бірлескен әскери жаттығуы аяқталды. Ауған-тәжік шекарасынан 20 шақырым қашықта жайғасқан Тәжікстанның «Харб-Майдон» полигонындағы жаттығу 5 тамызда басталған, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі. 

Үш тарапты жаттығу кезінде қарулы топтарды жою, нысандарды қайтару және әуе бақылауы жүргізу бойынша машықтанған. Оған 2500-тен астам жауынгер, оның ішінде Ресейдің 1800, Өзбекстанның 200 және Тәжікстанның 500 әскері қатысқан. Бұдан бөлек 500-тей соғыс техникасы тартылған.

«Харб-Майдон» полигонындағы жаттығу Ауғанстандағы жағдайға байланысты өткен. Ресейдің бас штабының басшысы Валерий Герасимов Өзбекстан мен Тәжікстанға «аймақтағы жағдайды бақылау және террорлық қауіптің алдын алу» мақсатында қару беру көбейтілгенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Ауғанстаннан америкалық әскерлер биыл 31 тамызға дейін толық шығарылатынын жариялаған. Осыған дейін «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның бірнеше ауданын басып алды. Мыңнан астам ауған әскері мен бейбіт тұрғындар шетелге қашып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *